xҚарақамыс негізгі мектебінде Отбасы күні мерекесіне орай жоспар жасалынып, сол жоспар бойынша жұмыстар атқарылды. Отбасы күнін өткізудің басты мақсаты – отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару.
Бала денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Бұл мәселе біздің мектепте ерекше көңіл бөлінеді. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына ықпалын тигізеді.
Әлеуметтік ұстаз Жусупова Г. К "Алкоголь және балалар", "Энергетикалық сусындарға тәуелді болуы мүмкін" деген тақырыптарда 7-9 сыныптарға әңгіме жүргізіліп, жадынамалар таратылды.