Бала денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Бұл мәселе біздің мектепте ерекше көңіл бөлінеді. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына ықпалын тигізеді.
Құрылған бракераждық комиссия бақылау жүргізді. Асхана жұмыстарын тексеру барысында мектеп асханасының ас әзірлеу блогының тазалығы, ас әзірлейтін ыдыстары, тамақтың сапасы тексерілді. Ас мәзірінің дұрыс құрылуы мен нормаға сәйкестігін, дайын тамақтың мөлшері, асхананың тазалығы, таңбасы бар өндірістік үстелдер және асхана ыдыстары қаралды.