Қарақамыс негізгі мектебінде қыркүйек айында ата-аналарға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете біліп, буллингтің алдын-алуға үлес қосу мақсатында іс-шаралар жүргізілді.
«Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық» тақырыбында әлеуметтік ұстаз Жусупова Г. К ата-аналар жиналысын өткізіп, презентация, әңгіме жүргізді, «Буллингтің алдын-алу» тақырыбында мектеп психологі Алпысова Г. К слаид, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар «Зиянды әдеттер» тақырыбында биология пәнінің мұғалімі Баятин Е. Б әңгіме, презентация көрсетті.