Қарақамыс НМ Қарттар айлығын өткізу жоспарына сай іс-шаралар жалғасын табуда. Әжелерге арналған мастер-класс барысында Мәрулә апа тоқыма бұйымдарды тоқудың қыр-сырларын үйретті.
Қыздарға көпшілік ортада өзін-өзі ұстау әдебі туралы айтып берді. Қазан айында 8-9-сынып оқушыларымен "Біз бәріміз де қарт боламыз" атты тәрбие сағатын сынып жетекшісі Баятина С.Т. өткізді Ауылымыздың қарт адамдарының өмір жолына тоқталып, оқушыларға үлкенге құрмет үнемі көрсетіліп отырылу қажеттігін атап өтті.