Қазіргі таңда отбасы тәрбиесіне, отбасы құндылықтарына ерекше мән берілуде. Бала тәрбиесінде ең маңызды рөл атқаратын әрине, отбасы екені мәлім.
Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу мақсатында Қарақамыс НМ "Отбасы-бақыт ұясы" атты ашық тәрбие сағатын 13.11.2023 ж. Ш.Уәлиханов атындағы көпсалалы колледжінің 2-курс студент-практиканты Алпысова Сымбат жоғары деңгейде өткізді. Ашық тәрбие сағаты барысында жаңа әдіс-тәсілдерді, постер қорғау, сергіту сәттерін, рефлексиямен жұмысты ұтымды жүргізді. 6-сынып оқушыларына отбасының бала тәрбиесінде алатын орны ерекше екенін түсіндіре алды.