Қарақамыс негізгі мектебінде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» іс-шарасы барысында 5 желтоқсан күні 8,9- сыныптар аралығында әлеуметтік ұстаз Жусупова Г. К «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында сауалнама, әңгіме өткізді. Сонымен қатар «Бақытты отбасы» көп балалы, аз қамтылған отбасылардың үйіне барып, жағдайларын білді, ал демалыс күндері кешкі уақытта «Жасөспірім» түнгі рейдтік іс-шараларын әлеуметтік ұстаз Жусупова Г. К, психолог Алпысова Г. К, сынып жетекші Баятин Е. Б оқушыларды бақылауға алып, қадағалады.