"Оқуға құштар мектеп" жобасы негізінде мектебімізде жоспар бойынша "20 минут пайдамен" атты іс-шара жалғасуда. Әр сәрсенбі 12:00-13:00 сағат аралығында сыныптармен 20 минуттық оқулар өткізіледі. Оқушыларға оқу өнеге ретінде іс-шараға мұғалімдерді тарту жөн көрдік.
Кітаппен жүйелі қарым-қатынас балалардың эмоционалды және рухани дамуына, өзара түсіністік пен қарым-қатынасқа ықпал етеді. Кітаптардың бәсекелестері болмайды. Олар жақсылыққа, әділдікке үйретеді, қоршаған әлемнің сұлулығын ашады, өмірге деген сүйіспеншілікті, білім қуанышын оятады.