Қарақамыс негізгі мектебінің «Еріктілер» клубының басшысы және «Адал Ұрпақ» клубының мүшелері ауылымыздың жасы келген адамдарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп өтті.
Ақпараттық технологиялардың дамуымен және оларды қолдану аясының кеңеюімен алаяқтықтың түрлері мен формалары әртүрлі болуы мүмкін, соның ішінде интернет-алаяқтар деп аталатын тұлғалар пайда болды, олардың саны жыл сайын артып келетініне тоқталып, қарт адамдарға парақшалар таратты. Интернет-алаяқтық орын алған жағдайда учаскелік инспекторға хабарласу керектігі айтылып өтті.