"Зерде" дебат клубының жоспары бойынша 8-сынып оқушыларымен "Әлеуметтік медиа қоғамға көмектескеннен гөрі көп зиян келтіреді" атты Американдық Парламентті форматта дебат өтті.
Оқушылардың арасында дебат өткізу өзіндік көзқарасы бар, айналаны сыни тұрғыдан барлап, бағалайтын, шешім шығаруда өзгенің ойын таразылап, өз ойын өткізуге сенімді тұлға қалыптасуына септігі тиеді. Оқушылар үкімет мен оппозицияға бөлініп, дайындаған кейстері бойынша өз пікірлерін дәлелдей алды.