Ұйымдастырылған мектепішілік "Зерде" дебат клубі негізінде 6-9 сынып оқушыларымен жоспар бойынша отырыс өтті. Оқушылармен мынандай тақырыптар талөыланды:
1. Заман талабының сұранысына саласы жетік, адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыру. Мектеп оқушыларын үйірмеге тарту.
2. Мектеп ішіліс пікірсайыс турнирлерін ынталандыру. Мектеп намысын қорғайтын үздік оқушыларды анықтау. Мектеп оқушыларын мектепаралық, аудандық, қалалық, халықаралық пікірсайыс турнирлеріне қатыстыру, тәжірибе алмасу арқылы үздік нәтижелерге қол жеткізу.
Клуб мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту.