Қарақамыс негізгі мектебінде 2016 жылдың 10 желтоқсанда «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» атты ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмысы жүргізілді. Ауыл жастарына түсіндіру жұмысын мектебіміздің әлеуметтік ұстазы Шукеева Р.К. жүргізді. Мақсаты: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ұлттық Жоспарын кеңінен насихаттай отыра, ауыл тұрғындарына әр қадамды түсіндіру. Ұлт Жоспарын іске асыруда ұлттық комиссия бес институттық реформаны кезең-кезеңімен орындауды келісілген басқару бойынша жүзеге асырылатынына тоқталып өтті. Білім саласын жаңартуға, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласын жаңартудағы өзгерістерге, заңның үстемдігін қамтамасыз етудегі жаңалықтарға кеңінен тоқталды.