Қарақамыс негізгі мектебінде 2016 жылдың 29 қарашасында 5-9 сынып оқушылары арасында «Мен бейбітшілікті қалаймын!» атты сурет көрмесі болып өтті. Сурет көрмесін бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Тоқанов М.А. өткізді. Мақсаты: оқушылар қылқалам арқылы еліміздегі тиыштықтықты, бейбітшілікті қағаз бетіне түсіру, өз Отандарына деген мақтаныш сезімдерін нығайту. Көрме барысында Мейірбек Алпысбайұлы оқушыларға әлемде болып жатқан қырғи қабақ соғыс, терроризм, экстремизм туралы сөйлеп өтті. Қазақстан жеріндегі бейбітшілік әлем елдеріне үлгі болатынына тоқталды.
Сурет көрмесінің қорытындысында 5-сынып оқушысы Төлеген Алуаның, Шотпаева Томиристің, 6-сынып оқушысы Таутанова Ақдананың суреттері үздік деп танылды.