Салт-дәстүрді ұлықтап, жас ұрпақтың бойында отаншылдық сезімін оятып, ата-анаға деген құрмет-қошеметті нығайта түсуді мақсат еткен «Отбасы – бақыт мекені» атты апталық 06.09 – 14.09 аралығында өткізілді. Апталыққа бастауыш сынып оқушылары, жоғары сынып оқушылары және ата-аналар белсенділік танытты. «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» атты тақырыпта ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды. 10.09 күні «Әке, шешем және мен» 5-9 сынып оқушылырының арасында ата-аналарымен бірге спорттық отбасылық эстафеталар өткізілді. Ата-аналар балаларымен бірге 2 топқа бөлініп, жарысты. «Сұңқар» тобы жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, 12.09 күні «Мен отбасымды жақсы көремін» 1 – 9-сынып оқушыларының арасында фотоконкурс ұйымдастырылды. «Менің жанұям» тақырыбында стенд жасалынып, онда оқушылардың отбасымен түскен суреттері ілінді. Әлеуметтік ұстаз және психолог «Аяулы алақан» тақырыбында ата-аналар арасында тренингтер мен сауалнамалар өткізді. Адам бойындағы мейірімділік, адамгершілік сезім ең алдымен туған бауырлары мен ата-анасына деген махаббаттан басталатынын оқушыларға түсіндіру үшін қанатты сөздерді талдап, бейнекөрсетілім көрсетілді. «Ана», «Әкешім» әндерін оқушылар тамаша орындады.