Мектебімізде қазан айының 15-16 күндер аралығында "Нан күні" атты іс-шаралар жоспары құрылып, сол жоспар бойынша жұмыстар атқарылды. Биология пәнінің мұғалімі "Ас атасы - нан" атты ұн тағамдарынан жасалған көрме ұйымдастырды. "Дастархан көркі - нан" атты тәрбие сағаты 5-8 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылды. "Ұннан әртүрлі тағам түрлері" қыздар арасында сайысты көркем еңбек пәнінің мұғалімі өткізді. Қыздар өз қолдарынан тәтті бәліштер, печенье түрлерін пісіріп, өз сыныптастарына үлестірді.