Қарақамыс негізгі мектебінде өзін-өзі тану апталығының алғашқы күнінде ашылу салтанаты болып, оқушылар баяндама тыңдады. Апталықтың екінші күні "Жүрек жылуын сыйлаған балаға" атты тәрбие сағаты өтті. "Мейірім шашқан жүрегі" атты С. Назарбаеваның қызметі туралы кітап көрмесі ұйымдастырылды. 7 ақпанда "Ән көңілдің ажары" атты концерт музыка пәнінің Тажибаева Г. ұйымдастырылуымен өткізілді.