Қарақамыс негізгі мектебінің 5-сынып оқушысы Қалиасқар Ерасыл "Менің сүйікті экспонатым" атты челленджіне қатысты.
Мектебімізде "Ел тарихы, жер тарихы" атты мұражай ұйымдастырылған. Мұражай - әр елдің тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін танытатын құндылық. Қазіргі таңда құнды жәдігерлермен мұражайға жылда толықтыру жұмыстары жүргізіліп отырылады. 5-сынып оқушысы Қалиасқар Ерасыл жалпы республикалық челленджіне қатысты. Мектептегі мұражайдың экспонаттардың арасынан Ерасыл "Ер-тоқыммен" таныстырды. Көне заман көшпелілерінің дамытқан өнер туындысы сөзсіз ұлтымыздың ең ежелгі және құнды тұрмыстық жабдықтарының бірі. Және осы уақытқа дейін тарихын біліп дәріптейтін, бағалап келе жатқан өскелең ұрпақтарына өте ризамыз.