Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында Өзін-өзі басқару ұйымының басқаруымен Дублер күні өткізілді.
Мақсаты: балалар мен ересектердің бірлескен қызметін ұйымдастыру арқылы мектеп оқушыларының әлеуметтік-құзыретті тұлғасын дамыту үшін жағдайлар жасау. Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын дамыта отырып, өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері 1-7 сынып оқушыларына сабақ бере алды. Оқушылар үшін ерекше күн болып, өз міндеттерін жауапкершілікпен атқара алды.