Интернет-алаяқтықтың құрбанына айналмас үшін: әлеуметтік желілерде күмәнді мәмілелер жасаудан бас тарту керек, тауарды алдын ала сатып алу үшін алдын ала төлем жасамау керек, белгісіз адамдарға банк картасының нөмірін, пин-кодты, сондай-ақ телефонға келіп түскен құпия сөзді хабарламау.
Қарақамыс НМ 11.01.2024 ж. өңіріміздің учаскелік инспекторы Кулмағамбетов Н.Д. интернет-алаяқтық жөнінде мектеп мұғалімдері мен мектеп қызметкерлері арасында дәріс өткізді. Бөтеннің мүлкін жымқыру не болмаса мүлде танымайтын бейтаныс адамды жалған уәделермен сендіру арқылы алдау және оған шығын келтіріп, өзгеге зардап шектіру алаяқтық болып табылады. Алаяқтықтың соңы жаза екенін білсе де, қызмет бабын пайдалана отырып оңай жолмен ақша тапқысы келетіндер, сенімді теріс пайдаланушылар азаймауда. Сөйткен алаяқтардың біз білетіннен басқа да сан мың түрлі әдісі бар.